Ресей патшасының қазақтарды майданға қара жұмысқа алу жайлы жарлығы қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліске ұласты. Тарихшы Шәмек Тілеубаев патша әскері қатыгездікпен басып-жаншыған көтеріліс қазақтардың жерін қорғап, ұлттың бірегейлігін сақтауға, өз-өзін басқаруға деген ұмтылысын көрсетті дейді.