Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшып, қаза тапқан 4 жасар Айкөркем мінген Volkswagen Passat екі жыл сегіз айдан кейін айыппұл тұрағынан шығарылды. Жан-жағын оқ тесіп, терезелері шағылған көлікті Айдос Мелдехан «ескерткіш боп қалады» дейді.
Қазақстанда атом электр станциясын салуға байланысты халыққа АЭС салудың маңызын түсіндіретін жария талқы жүріп жатыр. 16 тамызда арнайы комиссия Алматыда тұрғындарымен кездесті. Кездесуде комиссия мүшелері "бұл саяси жиын немесе митинг емес, жай талқы екенін" ескертті.
Орал қаласындағы «Ёлочка» саяжайында көктемгі су тасқынынан кейін баспанасыз қалған бес отбасы әкімдіктен үй ала алмай жүр. Олар мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырып, қанша шенеунікпен сөйлессе де, мәселенің шешілетін түрі жоқ. Әкімдік оларға «сотқа барыңдар» деген кеңес берген.
Қазақстан Парижде өткен олимпиада ойындарында бір алтын, үш күміс, үш қола медаль алып, жалпы есепте 43-орын алды. Жанкүйерлер арасында бұл нәтижеге қатысты түрлі пікір бар. Ал сарапшылар спортқа бөлінетін қаржы мен нәтижені салыстыру керек дейді.
Украина әскері Ресейдің Курск облысына басып кіргелі үшінші күн. Аймақта атыс болып жатыр. Ресей билігі қаза болғандар мен жараланғандар барын айтты. АҚШ пен Еурокомиссия “Украинаның қорғануға және шабуылдауға құқығы бар” деді, Біріккен ұлттар ұйымы “жағдай ушығуы мүмкін” деп ескертті.
Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау аяқталып, құрылыс басталып кетті. Әкімдік өкілінің сөзінше, тұрғындардың 98 пайызы өтемақы сомасына келіскен. Бірақ үйі «жөндеп тұруға жарамды» деп танылған бірнеше азамат әкімдік қорытындысына наразы.
Шығыс Қазақстанда адам саны азайған ауылдардың тұрғындары мен тумалары ауылын сақтап қалу үшін оңтүстіктен отбасыларды көшіп келуге шақырып жүр. Бірақ келушілер аз. Жергілікті халықтың өзі ауылда жағдай жасалмағанын айтып налиды.
28 маусымда Алматыда журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы байқаудың нәтижесі шықты. Жеңімпаздың бірі "тәуелсіз баспасөзге қысым күшейген тұста осындай байқаулардың болғаны өте маңызды" деді.
Риддер қаласында мемлекет қаржысына жасалған, бірақ қоғамдағы наразылықтан соң көзделген орынға қойылмай, әлі күнге мүсіншінің гаражында тұрған ескерткіш пен оның төңірегінде дау әлі жалғасып келеді.
Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласының құрамына кірген бұрынғы Қоянқұс ауылының халқы су, газ, жол мәселесін айтып шағынады. Қала әкімінің орынбасары мәселенің бәріалдағы уақытта шешілетініне сенімді.
Алматының Наурызбай аудандық соты «Қаңтар оқиғасы» кезінде «әкімдік пен президент резиденциясына шабуылдады» деп айыпталған 11 адамға үкім оқыды. Сот бәрін кінәлі деп таныды. Сотталушылар мен олардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтты.
Қытай қазақтарының құқығын қорғаумен айналысатын «Нағыз Атажұрт» ұйымының мүшелері «тіркелмеген ұйым жұмысына араласты және қаржыландырды» деген баппен жиі жауапқа тартыла бастады. Биыл сәуірден бері ұйымның жиырмаға жуық мүшесі осы баппен ірі көлемде айыппұл арқалаған.
Қазақстанда заңгер, азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев Бас прокурор Берік Асыловты сотқа берді. Ол шағымда "Асыловтың өтінішімен "Талибан" ұйымын террористер тізімінен шығару заңсыз" деп жазған.
Таяуда Disney түсірген «Ойжұмбақ» мультфильмінің екінші бөлімі көрерменге жол тартпақ. Картинасын қазақша аударып, дыбыстауға бұл жолы америкалық студияның өзі ниет білдірген. Тіл белсенділері көрерменді мультфильмнен қалмауға үндеп жатыр.
2020 жылы Өзбекстанда су қоймасы жарылып, Қазақстанның Түркістан өңірінде бес ауылда жүздеген үйді құлатқан. Зардап шеккендер бірнеше айдан соң жаңа үйге кірген. Азаттық тілшісі Өргебас ауылының қазіргі жағдайын көріп қайтты.
Қазақстанда бүгін, 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Алматы іргесіндегі совет кезіндегі қудалау мен қырғын құрбандары көмілген ауылға бүгін ондаған адам жиналды. Кейбір белсенді тәуелсіз Қазақстанда да саяси қудалау тоқтамағанын айтты.
Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының халқы құқық қорғау органдарынан қысым көріп жатқанын айтады. Олар алтын өндіретін фабрика құрылысын тоқтатуды талап еткеннен кейін полиция ауылдағы белсенділерді жауапқа алған, біреуінің үйін тінткен.
Әскерде жүргенде әжетханада құлап, басы жарылған соң комаға түскен сарбаздың ес жимағанына бес ай болды. Ербаян Мұхтардың туыстары тергеуге де, медицина көмегіне де көңілі толмайды. Жан сақтау бөлімінде жатқан сарбаздың ағасы «бауырымның мұрны да сынғанын байқадым» дейді.
Орал іргесіндегі су тасқыны кезінде үйі тұруға жарамай қалған ондаған адам кеше кешке әкімдік алдына жиналып, дереу баспанамен қамтамасыз етуді талап еткен. Ал бүгін оларды полиция ұстап жатыр.
Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары тасқын су қиратқан үйлерінің орнына жаңадан салынатын баспаналардың шаршы метрін 400 мың теңгеден есептеп, қаражатты қолға беруді талап етіп жатыр. Жергілікті билік ары кеткенде 240 мыңға бағалайды.
Тағы