Қаңтар оқиғасы 41 жастағы Қосай Маханбаевтың өмірін апай-топай етті. Алматыда наразылық өршіп тұрған сәтте оған оқ тиді, одан кейін қамауға алынып, абақтыда азаптауға ұшырады, ақырында ең жақын адамынан айырылды. Қаңтар оқиғасына қатысушы бір сәтте басына ауыр қасірет пен қайғы түскенін айтады.