Accessibility links

Есірткі өндіргендерге жаза күшейіп, тасымалдаушыларға жаза сәл жеңілдеді


Есірткі сатқаны үшін жауапқа тартылған адамды айдауыл сот залынан әкетіп бара жатыр. Азаттық архивіндегі фото.
Есірткі сатқаны үшін жауапқа тартылған адамды айдауыл сот залынан әкетіп бара жатыр. Азаттық архивіндегі фото.

"Ескірткіні, психотропты заттарды, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз өндірісіне қарсы әрекеттер" туралы заңның өзгерген нұсқасына президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы 2 қаңтарда Ақорда хабарлады.

Енді есірткі өндіргендер 15-20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Ал есірткі таратқан ресми өкілдері 15-0 жылға сотталуы (бұрын 10-15 жыл болған) мүмкін.

Ал есірткі тасығандарға жаза сәл жеңілдеді. Бұрын олар бес жылдан он жылға дейін сотталатын еді, жаңа заңда 5-8 жыл жаза қарастылырған. Егер бұл қылмысты екінші рет жасаса, 7 жылдан 12 жылға сотталуы мүмкін.

Заң жобасы парламенттің төменгі палатасы мәжілісте талқыланғанда депутаттар есірткі жасағандар мен есірткі тасығандарды бірдей жазалау дұрыс емесін айтқан. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың мәліметінше, есірткі қылмысына байланысты сотталған 4 мың адамның 1300-і – есірткі тасымалдағандар. Жазаланғандардың арасында өмірде қиын жағдайға тап болған жастар бары айтылған еді. Олардың көбі он жылдан аса уақытқа сотталған.

Заң жобасын парламенттің жоғарғы палатасы сенат 19 желтоқсанда қабылдаған. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов заң күшіне енсе, есірткі қылмысына байланысты сотталған мыңға жуық адам шартты жазамен босап шығады деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG