Австралияда өтіп жатқан United Cup командалық турнирінде Қазақстан құрамасы ширек финалда Германияны жеңіп, жартылай финалға шықты. Қазақстан құрамсының лидері Елена Рыбакина (әлемнің 6-ракеткасы) германиялық Лаура Зигмундты (80) екі сетте жеңді - 6:3, 6:1. Александр Шевченко (78) Даниел Масурдан (254) басым түсті - 6:7 (5:7), 6:2, 6:2.
Енді Қазақстан жартылай финалда Польша құрамасымен ойнайды. Польшаның намысын бұл турнирде Ига Швентек (2) пен Хуберт Хуркач (16) бар.
Қазақстан топтық кезеңде Испанияны 2:1, Грекияны 3:0 есебімен жеңген. Құрама сапында Елена Рыбакина, Александр Шевченкодан бөлек Жібек Құламбаева, Александр Недовесов, Дмитрий Попко ойнап жатыр.
ПІКІРЛЕР